Қазақстан

Қызметтер

Қонақ мекемемен сапардан көп бұрын танысады және есік алдында-ақ қорытынды жасайды. Біздің қызметтеріміз осы сәттердің әрқайсысын тексереді, оларды жеке де, бірге де пайдалануға болады.

Құпия қонақ тексеруі

Инспектор қонақтың бүкіл жолынан өтеді: қарсы алу, отырғызу немесе орналастыру, тапсырыс, тағам беру, есеп айырысу, қоштасу. Балдар Сіздің стандартыңыз бойынша қойылады, ал есептен минуттап жазылған эпизодтарды, хронометражды, суреттерді және әдіскердің кеңестерін табасыз. Бөлшек саудада дәл осы тәсілді құпия сатып алушы деп атайды. Сценарийді брифте (қысқа алғашқы кездесуде) келісеміз: іскерлік түскі ас, демалыс күнгі отбасылық кешкі ас, қонақүйде бір түн және ерте шығу.

Құпия қонақ тексеруі қалай өтеді

Құпия қоңырау

Wunder Digital деректері бойынша, Қазақстанда мобильді абоненттердің 80%-дан астамы WhatsApp пайдаланады, ал брондау көбіне хабарламадан басталады. Телефон мен мессенджерлерде қаншалықты тез жауап беретінін, таңдауға көмектесетінін, брондауды қалай растайтынын және орын болмаса не ұсынатынын тексереміз. Сценарийлерді алдын ала келісеміз: форумнан бір апта бұрын қонақүйге қоңырау, жексенбі кешінде салонға хабарлама, отыз қонаққа арналған банкет туралы сұрақ. Есепте жауапқа дейінгі уақыт және әңгіменің немен аяқталғаны көрінеді: брондаумен, қайта қоңырау шалу туралы уәдемен немесе ештеңемен.

Құпия қоңырау не көрсетеді

Цифрлық аудит

Мекемеге қайда бару керегін таңдап отырған адамның көзімен қараймыз: 2ГИС пен карталардағы карточка, пікірлер мен оларға жауаптар, сайт, онлайн мәзір мен бағалар, жұмыс уақыты. Қонақтың есікке жетпей көршілерге кетуіне себеп болатын сәйкессіздіктерді табамыз: картада ескі жұмыс уақыты, сайттағы баға мәзірмен сәйкес келмейді, пікірге үш аптадан кейін жауап берілген.

Цифрлық аудитке не кіреді

Қызмет көрсету стандарттары

Стандарт болмаса немесе ескірсе, оны құрастыруға көмектесеміз: кезеңдер, уақыт нормалары, командаға арналған тұжырымдар, сыни қателер. Содан кейін сол стандарт бойынша тексереміз, ал команда өзінің қандай ережелер бойынша бағаланатынын біледі. Стандарт форматқа қарай жазылады: кофехананың, қонақүйдің және моншаның кезеңдері де, уақыт нормалары да әртүрлі.

Қызмет көрсету стандарттарын қалай жазамыз

Тілдік сәйкестікті тексеру

Мекеменің қонаққа қазақ және орыс тілдерінде қалай көрінетінін тексереміз: мәзір, прейскуранттар, баға көрсеткіштері, маңдайша жазу, касса жанындағы ақпарат, сайт және картадағы карточка. Екі тілдің болуын, мәтіннің реті мен өлшемін, аударманың дәлдігін қараймыз. Заңдық қорытынды бермейміз: талаптарды заңгермен салыстырып тексерген жөн.

Екі тілде нені тексереміз

Сұраныс бойынша

Тексеру қорытындысы бойынша команданы оқыту, бірнеше қаладағы желілерге арналған жиынтық талдау, стандартты емес форматтарды тексеру. Брифте міндетіңіз туралы айтып беріңіз, мұндай формат Сіздің жағдайыңызға сәйкес келе ме және оны қандай түрде жасауға болатынын талқылаймыз.

Көбіне құпия қонақ тексеруінен бастайды: ол қонақтың жолын тұтас көрсетеді, ал оның қорытындысы бойынша қоңырау, аудит немесе жаңа стандарт қажет пе, жоқ па, көрінеді.